ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 58 бабына сәйкес – Облыстық онкология диспансерінде Пациенттерді қолдау қызметі құрылды.
Пациенттерді қолдау қызметінің міндеттеріне медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу деректерін анықтау жатады.
Осыған байланысты, егер СІЗ:
- Көрсетілген медициналық көмектің сапасымен қанағаттанарлық емес болған жағдайда
- Медициналық қызметкерлер жағынан дөрекілік көрсетілген жағдайда
- Кепілді көлем шегіндегі ақысыз медициналық көмек көрсету барысында медициналық қызметкерлердің көрсеткен қызметтері үшін ақшалай қаржы талап еткен жағдайларда
- Және де, Сіз басқа да медициналық көмек көрсету тәртібі және сапасымен байланысты түйінді мәселелерге тап болған жағдайда Сіз Пациенттерді қолдау қызметіне шағым-ұсыныстарыңызды тастауға құқылысыз
Клиниканың әр қабатында орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне» сіз өзіңіздің байланыстарыңыз көрсетілген (Тегі, аты – жөні,телефон, мекен – жайы) жазбаша шағым-ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз, мына көрсетілген электрондық адрес оnko–karaganda@mail.ru. бойынша өз мәліметтеріңізді қалдыра аласыз.
Және де Сіз ауызша сенім телефондарға қоңырау шала аласыз:
50 – 72 – 87; ішкі тел: 2 – 43; ұялы тел: +77073803803
Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің шағым-ұсыныстарыңызды қысқа мерзімде талқылап, Сізге талқыланған қорытынды бойынша мәлімет береді.
Біздің ұйымымызда медициналық көмек көрсету сапасын жоғары деңгейге көтеру мақсатында Сіздің шағым-ұсыныстарыңыз, сын-пікір және тілектеріңіз үшін біз Сізге шексіз алғыс білдіреміз