Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің түсіндіру пулының спикерімен кездесу
№ 3 көпсалалы аурухана

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің түсіндіру пулының спикерімен кездесу
2025 жылғы 7 сәуірде Қарағанды қаласының № 3 көпсалалы ауруханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің түсіндіру пулының спикері Камали Жібек Камалиевнаның қатысуымен семинар өтті. Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілерін түсіндіруге және медициналық мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, ҚР қылмыстық заңнамасы шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке қатысты мәселелер қаралды.
Кездесу барысында қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы заңнама мен парасаттылық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша ұсынымдар мен пайдалы ақпарат алды.