БІЗ НАҒЫЗ МҰҒАЛІМНЕН, ПІКІРЛЕС АДАМНАН, СЕРІКТЕСІМІЗДЕН ЖӘНЕ ДОСЫМЫЗДАН АЙЫРЫЛДЫҚ
№ 3 көпсалалы аурухана
БІЗ НАҒЫЗ МҰҒАЛІМНЕН, ПІКІРЛЕС АДАМНАН, СЕРІКТЕСІМІЗДЕН ЖӘНЕ ДОСЫМЫЗДАН АЙЫРЫЛДЫҚ

Қарағанды қаласының № 3 көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК ұжымы директор Жұмақаев Мұратбек Дәулетханұлының қайтыс болуына байланысты қатты қайғырады. Біз шынайы досымызды, пікірлес және серіктесімізді жоғалттық
Жұмақаев Мұратбек Дәулетханұлы 1956 жылы 2 қазанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген
Интернатураны бітіргеннен кейін Жәйрем кенттінде хирург болып жұмыс істеді. 1990 жылы Қарағанды қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасында хирург дәрігер лауазымында, кейін «Облыстық клиникалық ауруханасының» проктологиялық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1996 жылдың қазан айынан бастап «Қарағанды облыстық онкологиялық орталығының» 2 хирургиялық бөлімін басқарды және 2003 жылдың сәуір айыннан аталған ұжымның директоры болып тағайындалды.
Мұратбек Дәулетханұлы медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-хирург және денсаулық сақтаудың жоғары біліктілік санатын ұйымдастырушы болды
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және басқа да бірқатар үкіметтік наградалармен марапатталған
Оның қызметі еткен жылдарында, оның тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасы мен облыстың онкологиялық қызметін ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болды. Мұратбек Дәулетханұлы өзінің тәжірибесінің, білімінің, мақсаткерлігінің, жоғары моральдық-этикалық принциптерінің арқасында әріптестері мен емделушілері арасында лайықты беделге және құрметке ие болды. Жұмыс істеген жылдары Қарағанды облысында ғана емес, Қазақстанның басқа да өңірлерінде жұмыс істейтін онкологтар, хирургтар тобын тәрбиелеп шығарды
Осы аза тұту күні Мұратбек Дәулетханұлының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл жігерлі және ақжарқын адам туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде, ал оның есімі — қаламыздың тарихында қалады.
Қарағанды қаласы №3 көпбейінді ауруханасының ұжымы